БІЗ НЕГЕ КӨБЕЙМЕЙ ЖАТЫРМЫЗ

0
51

2015 жылғы 5 ақпан, жұма күні Ресей БАҚ-тары «Мы доложили Президенту, что в прошедшем году в стране родилось 1 млн 947 тысяч детишек, такого количества рождений не было еще в истории России».

«…Глава министерства также отметил, что в стране третий год подряд рождаемость сохраняется на уровне 1,9 млн детей»,- деп қуаныштан жүректері жарыла сүйіншілеп жатты.

Мен де жаратылысынан жаны кең адамның бірі едім, мына жаңалықты естіп қызғаныштан ішім өртенді!

«Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бергі жиырма жылда әлі екі миллионға өсе алмай келеміз. Неге?»- деп  ұйықтай алмай шықтым.

Осыдан бес-алты жыл бұрын осы көршілеріміз «Рожай детей, спаси Россию!» – деп аттандап, аналарды ұлтты өсіру майданына шақырған болатын. Содан бері әрбір дүниеге келген нәрестенің басын санап, бәшәйін түгендеп, оның келешегіне жағдай жасап, тіпті алтыншы баланы туған ананың отбасына 8 орындық автокөлік сыйлап, несиені бала санына қарай қысқартып жатыр.

Ресейдің халық саны 130 миллионға барып қалды! Соның өзінде өсе бергілері келіп, барлық жағдай жасалуда. Неге? «Көп қорқытады, терең батырады» деген – осы.

Көршімізді қызғанбаймын, менің де қазақ халқының өскенін, біздегі Аналарға да сондай мүмкіндіктер жасалғанын армандаймын. Жерінің асты мен үсті де байлыққа толған, береке-бірлікті, татулық пен достықты ту еткен ҚАЗАҚ едік қой, сол барымызды неге АНА мен БАЛАДАН аяймыз. Бала Отанның, отбасының келешегі емес пе!

Сәуле ДОСЖАНОВА,

Қазақстан Жазушылар одағының  мүшесі.

Abai.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз