Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

0
30

 

Астана. 9 ақпан. Baq.kz – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелерін талқылады.

В.Путин өзінің Германия және Франция көшбасшыларымен 6 ақпанда Мәскеуде өткен келіссөздерінің қорытындылары, сонымен қатар «норманд форматында» 8 ақпанда телефон арқылы өткізген келіссөздері жөнінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде 11 ақпанда өткізу жоспарланған төртжақты келіссөздер Украина қақтығысын реттеу жолдарын іздестіру ісінде мәмілеге келуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Бұдан бөлек, Ресей экономикасындағы уақытша қиындықтарға байланысты мемлекет басшылары өзара сауданың ағымдағы мәселелерін талқылады. Екі ел үкіметтеріне өзара тиімді шешімдер әзірлеу жөнінде тапсырма берілді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз