Астанада тұрғын үйдің сылағы опырылып түсті

0
355
Астанада тұрғын үйдің сылағы опырылып түсті
Бүгін Астанада жаңадан салынып жатқан үйдің сылағы опырылып түсті. Құдай сақтап тұрғындар аман. Дегенмен барлығы енді үйлеріне кіруге жүрексініп отыр деп хабарлайды КТК арнасы.«Өз өмірім мен адамдардың тағдырына алаңдаймын. Құрылыс компаниясының жауапсыздығынан неге халық зардап шегуі керек?», — дейді Астана қаласының тұрғыны Галина Гринько.Бір қызығы, сылағы опырылып түскен 16 қабатты үй әлі салынып бітпеген. Бірақ, жүздеген отбасы құрылысы аяқталмаған баспанаға кіріп алыпты. Коммуналдық ақысын да төлеп отыр.

Ал жүздеген шаңырақты биліктен ешбір рұқсат алмастан салынып бітпеген үйге кіргізген құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылмақ. Бұл оқиғадан шошып қалған жұрт үй арасымен өтуге қорқады. Қазір қайғылы жағдайға соқтыра жаздаған апатқа байланысты тексеру жүріп жатыр.

«Егер кінәсі дәлелденсе, ол фирма лицензиясынан айырылады. Жөндеуді компания өз есебінен жүргізеді. Бізге келіп түскен ақпарат бойынша, 2-3 күн ішінде жөндеуге міндеттеме алған», — деді  Астана қалалық сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы Еркебұлан Сережа.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз