Ресейден арзан тауар тасып жатқан жұрт шекарадан өте алмай шу шығарды

2
76
Ресейден арзан тауар тасып жатқан жұрт шекарадан өте алмай шу шығарды
Қазақ-ресей шекарасында тағы кептеліс. Рубльдің құлдырауына байланысты көрші елге лап қойған жұрт шекара бекетінде ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүр деп хабарлайды КТК арнасы.Демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қара Қоға» бекетінде осылай 8-9 сағат бойы қаңтарылып тұрған көлік иелері кезексіз өтпек болғандарымен жаға жыртысуға дейін барды. Ашынған халықты сабасына түсіру үшін тіпті полиция шақыртуға тура келген.«Тұрғанымызға үш сағат болды, таң атып келеді. Шекара бекеті әлі көрінбейді», — дейді жолаушылар.

Күн ұзаққа әбден шаршаған олар түрлі қызмет бабын желеу етіп, кезексіз өтпек болғандарға тосқауыл қоюға тырысқан.

«Депутат Ғалиевтің көлігі  кезексіз өтуі керек. Ал біз ше?»,-дейді ашынған тұрғындар.

Бірақ Ғалиев деген азамат депутаттықтан баяғыда босаған екен. Алайда ауру қалса да, әдет қалмағанға ұқсайды. Түске таяу шиеленістің қызғаны сонша, жұрт төбелес шығаруға дейін барған.

«Төбелес болғанда, кезексіз өтуге оқталған адамдар болды. Шекарадан сырт жерде қақтығыстар болды. Оны ішкі істер департаментінің қолдауымен бұл жағдай шешілді», — дейді 20/32 әскери бөлімінің капитаны Нұрбек Орақов. 

Рубльдің құны құлдырай бастағалы бері еліміздің Ресеймен шекаралас аймақтарында осындай жанталас көбейді. Петропавлдықтар 300 шақырым жерде тұрған Омбыдағы азық-түлік, киім — кешек тіпті көлік пен жылжымайтын мүлікке дейін қоймай жатыр.

Жұмыс күндері «Қара Қоға» кеден бекеті арқылы мыңға жуық жан өтеді екен. Ал демалыста алты мыңға дейін жетеді. Шекарашылар мұндай халық нөпірін тексеруге қызметкерлеріміздің шамасы келмей жатыр дейді.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. пайда табуға орай болып тұрса, кімде кім жүгіреді. мен болсамда солай істер едім

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз