Атырауда анасын өлтірген қылмыскер сот алдына келді

0
348
Атырауда анасын өлтірген қылмыскер сот алдына келді
Махамбет аудандық соты қылмыстық кодексінің 103 бабының 3 бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотталушы Александр Базаровқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.Сотталушы Александр Базаров 2014 жылдың 10 қараша күні, сағат 23.00 шамасында мас күйінде Махамбет ауданы, Ақтоғай селосындағы үйіне келіп, демалып жатқан анасына тиіседі.

Екеуара туындаған ұрыс-керістің соңы ақыры адам өлімімен аяқталады. Ақылын арақ жеңген Александр анасын соққыға жығады.

Басты сот талқылауында сотталушы Базаров тағылып отырған айыпты толығымен мойындап, жасаған іс-әрекеті өкінетінін айтты.

Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар туралы қағиданы басшылыққа ала отырып, оған осы бап бойынша 8 (сегіз) жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз