Ғалымдар: Ойдағыдай өмірлік жар болатын адамды іздеу — бос әурешілік

0
415
Ғалымдар: Ойдағыдай өмірлік жар болатын адамды іздеу - бос әурешілік
Ғалымдар келешек жұбай болатын адам неғұрлым тез табылса, соғұрлым өзіңізге жақсы деген пікірді айтты. 

Мұндай көзқарасты АҚШ-тағы Мичиган университетінің микробиологтары мәлімдеді деп хабарлайды 24 kz.

Олар зерттеу кезінде компьютерлік модельді құрып, бірнеше мыңдаған сандық ағзалардың өздеріне сыңар компьютерлік бағдарлама іздеу кезіндегі төнетін қауіп-қатерлер мен түрлі тәуекелдерге деген қатынасын анықтады.

Оған сәйкес, ағзалар өздеріне жақын орналасқан бөлшектерге қарайды екен. Қысқаша айтқанда, олар өздеріне сыңар таңдағанда оның неғұрлым қауіпсіз түрлерін қалайды.

«Сол тәрізді ежелгі адамдар түрлі қауіп-қатерге қарамастан, бірінші кездескен серігімен отбасын құрып, көбейіп, ұрпақ сүйген. Ал олай етпеген жағдайда олар сыңар болатын ойдағыдай адамды іздеп жүре беретін еді», — дейді зерттеушілер.

Бірақ соның өзінде де кейбір адамдар ойдағыдай жар болатын сыңарын өмір бойы іздеп, күтуі мүмкін екен. Бірақ олар уақыттарын босқа кетіріп алып, сыңарсыз әрі баласыз қалулары ғажап емес.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз