Павлодарда қоқыс тазалауға шыққан экскаватор өзенге батып кетті

2
86
Павлодарда қоқыс тазалауға шыққан экскаватор өзенге батып кетті
Павлодарда салмағы 25 тонналық экскаватор Ертіс өзеніне батып кетті. Ауыр техника су арнасындағы қоқысты тазалауға шыққан екен.Алайда оның салмағына шыдамаған мұз морт сынып, су астына кетті деп хабарлайды КТК арнасы.

Жүргізушісі батып бара жатқан трактордың люгінен секіріп үлгерген. Енді экскаватор сүңгуір қайықты еске салып тұр.

Судың бетінде дүрбінің орнына оның ожауы ғана көрінеді. Қазір иесі құны 200 мың доллар тұратын техниканы өзеннен алып шығарудың амалын ойластырып жатыр.

«Осы аймақта тұрамын. Өзенге техниканың батуын бірінші рет көріп тұрған жоқпын. Бұл жолы да экскаватормен өзен бетіне шығу қауіпті екенін жұмысшыларға ескерткенмін. Өйткені күн жылынып, сең жіби бастаған», — дейді куәгер Александр Черняев.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. антрактйда емес қой, 25 тоннаны мұз көтереді деп ойлаудың өзі күлкілі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз