Алматыдан 35 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сілтеме жасап.
Жер сілкінісі 10 ақпан күні Астана уақыты бойынша сағат 01.35-те тіркелген. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 35 шақырымда – Қырғызстан аумағында анықталды.
Жерасты дүмпулерінің энергетикалық класы – 8,9. Оның ошағы 15 шақырым тереңдікте болған.
Тербелістің сезілуі туралы мәлімет жоқ. Айта кетейік, сейсмологтердің мәліметінше, мұның алдында 9 ақпан күні Астана уақыты бойынша сағат 21.37-де Алматыдан 370 шақырымда жер сілкінген. Магнитудасы 4,2 болатын сілкіністің эпицентрі Қытай аумағынан анықталды. Жерасты дүмпулерінің әсері туралы мәлімет болған жоқ.