Укрианадағы қақтыңыстардың соңғы нәтежиелері бойынша ел әскерлері бір тәуліктің ішінде 200 дей бүлікші жасақтың көзін жойған. Бұл туралы РИА Новостиге АТО (антитеррорлық операция)баспасөз орталығының өкілі Анатоли Стельмак мәлімдеген.
Сонымен қатар, 15 әскери техника мен базаның тас талқанын шығарған. Жалпы қазіргі уақытта Украина өзінің әскери позициясына нық бекіген. Және Донбасстағы бүлікші жасақтың үстін-үстін жүргізіліп отырған шабуылдарына тойтарыс беріп отыр.
Дегенмен Украина қарулы күштері осы операция барысында 9 жауынгерінен айырылып, тағы 26-сы әр түрлі дене жарақаттарын алған.
Украинаның шығысындағы жағдай 2015 жылдың қаңтар айының орта шенінен қайта ушығып отыр. Донецк әуежайына талас кезінде қайта тұтанған екі жақты қақтығыстар бүгінде майданның барлық шептері іске қосылған.
БҰҰ-ның 3 ақпандағы мәлімдемесі бойынша Донбасстағы қаза тапқандар саны 5358 адамға артқан. Мұның алдында 12 мың 235 адам қаза тапқаны жөніндегі мәлімет тараған болатын. Ал Неміс басылымы Frankrurter Allgemeine Sonntagszeitung -тың мәліметінше Украинадағы қақтығыстардың нәтежиесінде қаза болғандар саны 50 мыңнан асып жығылуы мүмкін делінген.
Өз кезегінде Украина президенті Петр Порошенко Мюнхендегі конференцияда «соңғы мәліметтер бойынша қақтығыстардың салдарынан 1200 дей әскери, 5400 дей бейбіт тұрғын қаза тапқан» деді.