Шымкентте бала күтуші екі бүлдіршінді өлімші етіп сабаған

0
389
1.1«Анасынан аманат етіп алған сәбилерге 33 жастағы келіншек қорлық көрсеткен» дейді прокурорлар. Қазір екі бүлдіршін де аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Жедел жәрдемБұл әрекеттің әшкере болуына 4 жасар қыздың ауыр дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілуі себеп болған. Бұны көре салып, дәрігерлер бірден полицияға хабар беріпті. Погондылар мекен-жайды анықтай келе, тағы бір 2 жасар сәбидің соққыға жығылып жатқанын байқаған. Тәртіп сақшылары бұл нәрестені де ауруханаға жеткізеді. Қазір қос бүлдіршін де жан сақтау бөлімінде жатыр.

«5 жасар баланың жағдайы өте ауыр халде. Өміріне үлкен қауіп төніп тұр. Себебі кома 3 дәрежесінде. Бірақ баланың әлі беті қараған жоқ. Екінші баланың жалпы жағдайы жаман емес. Орташа қалыпта. Бүгінгі таңда ол да жансақтауда қалады. Ертеңдері бөлімшеге ауыстыруымыз мүмкін. Оның өміріне қауіп жоқ», — дейді ОҚО балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаев.

Бүлдіршіндердің екеуі де басынан ауыр соққы алған екен. Денелерінің сау бөлігі қалмаған. Бет-аузы мен аяқ-қолдары көгеріп, жараланған тұстары да жетерлік.

Қазір осындай аяусыз бопсалауға байланысты бала күтушінің үстінен «қасақана ауыр дене жарақаттарын салу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, абақтыға жабылған.

Абай аудандық прокурорының орынбасары Ермек Айтымов бұл жағдай бойынша 106 баппен қылмыстық іс қозғалып, іс шарасы жүріп жатқанын жеткізді.

«Гүлчахра деген келіншек уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазір бас шарасы, санкциясы шешіліп  жатыр», — деді.

Құзырлылардың айтуынша, күдікті екі бүлдіршінді шулап, тынышын бұзған соң сабаған екен. Бір айта кетерлігі, бала күтушінің өзінің бақандай 3 баласы бар екен.

Негізінен анасы бүлдіршіндерді өткен айда, яғни қаңтар айында күтушінің қарауына берген. Өзі шалғай жерде жұмыс істейтін жалғызбасты келіншек 70 мың теңге ақы төлеп, сәбилерін күтушінің үйіне тастап кеткен. Ұл-қызын соңғы мәрте 27-ші қаңтарда көрген ананың қазір өзі де тергеліп жатыр. 

Айта кету керек, бұл жыл басынан бері сәбилердің ересектерден қорлық көріп, соққыға жығылған оңтүстіктегі осымен екінші оқиғасы болып отыр. 

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз