Қазақтың ою-өрнектерімен көмкерілген жабулар сатылымға шықты

0
428
Қазақтың ою-өрнектерімен көмкерілген жабулар сатылымға шықты
Қазақстан нарығы тағы бір отандық өніммен толықты. Қазақтың ою-өрнектерімен көмкерілген автомобиль орындықтарына арналған жабулар нарыққа жол тартты деп хабарлайды Businessnews.kz.Жаңа үлгідегі жабулардың ерекшелігі көп. Біріншіден, жабулар әмбебап, әр жыл маусымына сәйкес келе береді. Тері жағын қыста, басқа жыл мезгілдерінде келесі жағын қаратып пайдалана беруге болады.
Екіншіден, жабуға салынған қазақы қызыл өрнектер салонға ерекше көрініс пен әсемдік сыйлайды.Үшіншіден, жабулар әмбебап әрі кез-келген көлік орындығына кигізгенде, жараса береді. Көлігіңізді ауыстырып жатсаңыз, жабуды ауыстырып қажет емес.

Төртіншіден, жабу материалы сапалы, ал өрнектер сапалы материалда аса дәлдікпен тігетін машинамен тоқылған, кемі 5 жыл кәдеге жарайды.

Сонымен қатар салонның көрінетін жерлерінде баулары жоқ, олар жасырылып, салонда эстетикалық тұрғыдан әдемі көрінеді.

Жаңа өнімді жасаушы кәсіпкердің аты-жөні – Құмар Жұмахан. Оның айтуынша ол бұл кәсіпке былтырдан бастап кіріскен.
«Осыдан тура жыл бұрын, Ахметбек Нұрсила ағамыздың ақылын тыңдап, жалақылы жұмыстан кетіп қалғай жайымыз бар еді. Әу баста інім екеуіміз кішігірім бір жұмыстан бастадық. Жуырда үйтіп-бүйтіп, тиыннан теңге құрап жүріп шағын тігін шеберханасын құрған болдық, алғашқы және негізгі өнім ретінде ою-өрнекпен көмкерілген, ұлттық нақыштағы автокөліктің орынқаптарын шығарып отырмыз. Қазір Алматы қаласы бойынша сатылымға түсті», — дейді Құмар Жұмахан.

Жас кәсіпкердің жол көрсетушісі, ақыл-кеңес берушісі белгілі кәсіпкер – Ахметбек Нұрсила. Құмар Жұмахан жабуларды дайындау кезінде осы азаматпен жиі ақылдасып отырған.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз