Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған азамат мерт болды

2
68
Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған азамат мерт болды
Алматының қозғалысқа қайнаған көше қиылыстарының бірінде соңы кісі өлімімен аяқталған жол көлік апаты орын алды.Toyota Previa маркілі көлік Алматы облысының 38 жастағы тұрғынын қағып кеткен. Бұл туралы Алматы арнасы «Куәгер» бағдарламасы хабарлайды.Полицияның мәліметінше, аталмыш дерек Рысқұлов даңғылы бойында тіркелген. Школьная көшесінің қиылысында батысқа қарай келе жатқан Toyota Previa жолды белгіленбеген жерден жүгіріп өткен жаяу жүргіншіні қаққан.

Өкінішке орай, жүргінші сол жерде тіл тартпай кетті. Жедел жәрдем дәрігерлері оның ашық ми жарақатынан көз жұмғандығын мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша полицияда қылмыстық іс қозғалды.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. марқұмның ажалы солай келген шығар, бірақ, біреуді қылмыскер етіп кеткені болмады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз