Хакерлер Дмитрий Медведевтің мыңдаған СМС-терін саудаға қойды

0
379
Хакерлер Дмитрий Медведевтің мыңдаған СМС-терін саудаға қойды
«Анонимді интернационал» тобының хакерлері Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің гаджетінен алынған ақпарат көшірмесін саудаға қойды, деп жазады Росбалт.Лот орналастырылған Exchange of Information порталындағы ақпаратқа сәйкес, аукцион 2015 жылғы 9-23 ақпан аралығына дейін созылады.

Лоттың бастапқы құны 100 биткоин (около $22 тыс.), біржолғы сатып алу бағасы — 500 биткоин ($110 мыңға жуық). Лот құрамына iCloud-дегі Медведевтің үш құрылғысының ақпараттары кіреді.

Файлға премьердің бірнеше мың SMS-хабарламалары, фотосуреттері мен видеолары, шалынған қоңыраулары, телефон кітапшасының байланыстары, Skype ақпараты, сондай-ақ осы құрылғыда пайдаланылған қосымша деректері кірген.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз