Шымкентте баланы өлімші етіп сабаған келіншек кепілмен босатылды

0
453

 

Шымкентте екі бүлдіршінді өлімші етіп сабаған бала күтуші әйел кепілге босатылды. Абай ауданының прокурорлары 33 жастағы келіншектің емізулі нәрестесі мен кәмелекте толмаған 3 баласы бар екені ескерілді дейді.

Шымкентте баланы өлімші етіп сабаған келіншек кепілмен босатылды

Яғни ол жауаптан құтылмайды. Өйткені балаларға қатыгездік танытқан келіншекке қатысты ауыр дене жарақатын салды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу анықтағандай, әйел балаларға қарағаны үшін олардың анасынан айына 70 мың теңге алып отыратын болып келіскен. Алайда қарауына алған қос бүлдіршінді «шулап, маза бермедіңдер» деген желеумен аяусыз ұрып-соққан.

Нәтижесінде 2 және 4 жасар бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Дәрігерлердің айтуынша, олардың екеуі де бастарынан ауыр соққы алған. Денелерінің сау-тамтығы жоқ. Бет ауыздары мен аяқ қолдары көгеріп, ісіп кеткен. Әсіресе 4 жасар қыздың жағдайы өте ауыр көрінеді.

«Қыз баланың жағдайы өте ауыр. Өміріне қауіп төніп тұр. Ол осында келгеннен бастап аппаратта демалуда. Екінші 2 жасар бала  нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды», – дейді  облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаев.

Зардап шеккен бүлдіршіндердің анасы бала күтуші келіншекті жазаға тартуды сұрап, полицияға шағымданып отыр. Сот-медициналық сараптамасы жүргізілгеннен кейін іс сотқа жолданбақ.

Источник: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз