Еліміздің солтүстігіндегі тұрғындар тек автокөліктерін ғана емес, көрші Ресейден азық-түліктерін де көтерме бағамен жаппай сатып алуда.
Оны сауда сөрелеріндегі әдеттегі қарбаластың жоқтығынан да байқау қиын емес. Тұрғындар киім-кешегі мен темір тұлпарларды, тұрмыстық техниканың Ресейде арзан екенін, тіпті азық-түлікті де сатып алудың тиімді екенін айтады. Нәтижесінен жергілікті саудагерлеге қиын түсіп жатыр.
Қазақстандық сауда орындарында қызу қарбалас байқалмайды. Сатушылар да сауданың 1,5 тіпті екі есеге азайғанын айтып қынжылады. Себебі, Ресейдің рублі құлдырағаннан бері Қазақстандық өнімдерге сұраныс күрт азайған.
Отандастарымыздың сұранысы ресейдің арзан сүті пен майына түсіп, жергілікті саудагерлердің тауары сөрелерде тұрып қалғанына көп болған. Көрші ел азық-түлігінің бағасы бірнеше есеге арзандағаны сол екен, қазақстандық кәсіпкерлердің өнімдері өтпей қиындық туындаған еді.
Оның үстіне, Ресей өнімінің құны әр тасымал сайын төмендеуі де тұтынушының тарапынан сұранысты арттырған. Ал елімізде өндірілетін тауарлар бағасын қоспаса, төмендеген жоқ дейді көпшілік. Дегенмен Ресейден тасымалданатын кейбір өнімдердің бағасы өзгермеген.
Мәселен күнбағыс майының жаңа жыл алдындағы бағасы сақталыпты. Сондықтан болса керек, халық үш-төрт сағатта жететін Ресейдің шекаралас қаларына барып өздері көтерме бағамен азық-түліктерін жаппай сатып алып жатыр.
Осыдан бір ай бұрын ғана Омбының шұжықтары 1200 теңге болса, қазір 980 теңге. Жергілікті шұжық өнімдері бар болғаны 50-100 теңгегеиарзандады. Ірімшік өнімдері 950-1000 теңге тұрған болса, қазір 700-800 теңге. Конфет – 1200 теңге тұрса, қазір 850-900 теңге. Печенье – 500 теңгеден 400 теңгеге түскен.
Ал Тұтынушылар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығындағылар, Ресейге барып азық-түлік сатып алатын тұрғындарға сапасы жақсы жергілікті өнімдерді таңдау керек дейді. Себебі, азық-түліктің Қазақстандық түрі өте сапалы айтуынша. Бірақ бұл ретте тауардың бағасын үш-төрт еселеп жоғарылатып жіберетін кәсіпкерлердің де кінәлі екендерін айтады.
«Қазақстандық диллерлер өндірістік тауарларды сол көрші Ресейден тасыса да, баға өзгерген жоқ. Содан барып қысылып жатырмыз деп көмек сұрайды. Бірақ олар сол бір тауар түрін ғана күніне сатса, үш еселеп табысқа кенеледі. Еліміздегі бұл ахуалдың өзгермелі екені анық», – дейді СҚО «Тұтынушылар мен кәсіпкерлердіңқұқығын қорғау қауымдастығының» төрайымы Надежда Дубовая.
Бірақ халық арзан тауар іздеп, экономикамыздың дамуына кері әсерін тигізетінін білмесе керек. Өйткені сыртқа шығарылған қаражат, ел экономикасына қайтып айналып келмейді.