Семейде білдей бастықтың ұрлығы камераға түсіп қалды

0
305

 

Семейде білдей бір мекеме бастығының ұрлығы өзінің көлігіндегі бейнетіркеуішке түсіп қалды. Семейде білдей бастықтың ұрлығы камераға түсіп қалды

Ол өз қожалығында қора салмақ болып, теміржолдағы шпалдарды қолды қылған деп хабарлайды КТК арнасы.

Осы қылмысы машинасына орнатылған қондырғыға жазылып қалыпты. Онда 50 жастағы апталдай азамат ұлын ертіп алып, шойынжол бойындағы шпалдарды жымқырып жатыр.

Енді осы жазба қылмыстық істе басты айғақ ретінде қолданылуда. Ұрланған мүлікті өзінің шаруа қожалығына апарып түсіріп, қарға көміп жасырған.

Басқа құрылыс материалдары болмағандай, шпалдарды сұғанақ қора салуға қолданбақшы болыпты.

Источник: КТК

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз