Маңғыстауда зейнет жасындағы әжей туризмнің жаңа түрін ойлап тапты

0
346

Маңғыстаулық зейнеткер туризмді дамытудың жаңа бағытын ойлап тапты. Шетпе ауылының тұрғыны Рухия Құлсариева өзінің үйінен туристерге арнап ұлттық нақыштармен безендірілген қонақ бөлме ашқан.

Маңғыстауда зейнет жасындағы әжей туризмнің жаңа түрін ойлап тапты
Тың бастама саяхаттап келушілерге қазақтың салт-дәстүрімен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татудың зор мүмкіндігін ұсынып отыр. Жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпкерге қайтарымсыз негізде 335 мың теңге қаражат берілген.

Мұндай қонақүйлер туристердің жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрімен жақын танысуы үшін аса қажет.

Игорь Лаптев босы шаңырақтың алғашқы әрі құрметті қонағы. Туған өлкесінің өзі білмейтін тарихын терең тану көптен бері ойында жүрген. Арманын орындауға Шетпе ауылында ашылған қонақ бөлме түрткі болды. Жаңалықты ести сала, бірден осында ат басын бұрды. Есесіне қазақтың салт-дәстүрімен етене танысып, ұлттық тағамынан дәм тату бақыты бұйырды.

«Қазақ қонақжай халық деп айтатын. Бүгін үй иесінің ыстық ықыласын көріп, сол сөздің растығына көзім жетті. Мұндай қонақүйлер туристердің жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрімен жақын танысуы үшін аса қажет. Басқа қонақүйлерге қарағанда, мұндағы баға да тиімді деп ойлаймын», – дейді саяхатшы  Игорь Лаптев.

Жүннен жасалған бұйымдар, құрақ көрпелер мен қазақы оюлармен өрнектелген кәдесыйлар. Рухия Құлсариева туристерге арналған бөлмені ұлттық нақыштағы бұйымдармен сәндеген.

Ол үшін қайтарымсыз негізде 335 мың теңге бөлініпті. Зейнеткер енді үйінен саяхатшылардың үзілмейтініне сенімді.

«Біздің үйдің ерекшелігі туристерге арналған және қолдан жасалған бұйымдармен жабдықталған. Жоба БҰҰ Даму бағдарламасының аясында жүзеге асты», – дейді жеке кәсіпкер Рухия Құлсариева.

Бөлінген грантты ұтып алған «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы қонақ бөлмеге қажетті жиһаздарды жеткізіп берген. Осылайша өңірдегі экологиялық туризм жаңа бағытта дамитын болды.

Бұл – әзірге пилоттық жоба. Жақын күндері туристерге арналған үйлер басқа да ауылдарда пайда болмақ. Тіпті кейбір азаматтар өз қаржысына қонақ бөлме ашуға кіріскен.

Источник: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз