Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

0
53

lukashenko

Астана. 10 ақпан. Baq.kz – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Беларусь президенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады. Екі елдің көшбасшылары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикасындағы бірлесіп шешуді қажет ететін проблемаларға назар аударды.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары Украинадағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде 11 ақпанда өткізу жоспарланған «норманд форматындағы» келіссөздер Украина дағдарысын шешу жолдарын табу үшін мәмілеге келуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз