Қытайда екі басы, үш құлағы бар бұзау дүниеге келді

0
71

10979379_806315822749770_473723337_n

2015/02/10   Жаңалықтар   34 Пікір   2 838 Рет

Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған Іле облысы, Нылқы ауданында тұратын Ерлан есімді азаматтың үйінде екі басы, үш құлағы бар бұзау дүниеге келген.

Ерланның айтуынша сиырдың туатын уақыты болса да, үш күн туа алмай қиналып жүрген.

“Басында біз малды ауырып қалды ма деп ойладық, бірақ ауыра қоятындай жағдай болған жоқ” дейді Ерлан.

“Туу барысында мал қатты қиналып, өлуге жақындаған соң, бауыздап алдық. Сою барысында әлгіндей жағдайды көріп жағамызды ұстадық. Сиырдың ішін жарғанда екі басы, үш құлағы бар бұзау шықты” деді малдың иесі.

Олар бұл жағдайды Алланың оларға жіберген ескертуі деп түсінген.

“Заманның азғаны мен қоршаған ортаның ауыр деңгейде ластанғаны да бұған себеп болуы мүмкін” дейді Ерлан.

Шында да бұл ғажайып бұзау Алланың адамзатқа жіберген ескертулерінің бірі болуы әбден мүмкін.

“Қамшы” сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз