Латын әліпбиіне көшу бағдарламасы қабылданады

0
420

Қазақстанда

latin

2015/02/10   Безбен   7 Пікір   168 Рет

Қазақстанда латын әліпбиіне көшу бағдарламасы қабылданады, – деп хабарлайдыQamshy.kz порталы. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлы ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

arystanbek

«2015 жылдан бастап Қазақстанда латын әліпбиіне көшу бағдарламасы қабылданады және ол кестеге сай жүргізіліп отырады» деді  министр А.Мұхамәдиұлы.

Министр түсіндіріп өткендей, мәселе білім беру саласына қатысты және аталған үдерісті жеделдетудің қажеті жоқ, себебі қажетті жағдай әлі жасалмаған.
«Қазір, әрине, ғалымдар бұл мәселені жан-жақты зерттеу үстінде. Латын жазуын қазіргі қолданыстағы клавиатура аясында енгізу ұсынылды. Алайда, біздің ұлттық дыбыстық құндылықтарымыз қосымша шешімдерді қажет етеді. Бұл оңай емес, себебі бізге халықаралық қауымдастыққа табиғи түрде интеграциялану қажет», – деп баса айтты ол.

“Қамшы” сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз