ШҚО-да жүргізушіден пара алған жол полицейі түрмеге қамалды

0
370

Шығыс Қазақстан облысында 10 мың теңге көлемінде пара алған жол полицейіне қатысты сот аяқталып, үкім шықты.

ШҚО-да жүргізушіден пара алған жол полицейі түрмеге қамалды
Бұл туралы YK-avto.kz хабарлайды.

Өткен жылдың шілде айында жол сақшысы ВАЗ-2127 көлігін тоқтатып, оған рұқсат етілмеген жерде көлік жүргізгені үшін айыппұл салады. Алайда, айыппұлдың 27 мың теңге екенін ескерткен ол өзіне 10 мың теңге ұсынса, бұл істі жылы жауып қоятынын айтқан.

Жүргізуші жеке куәлігін жол полицейіне қалдырып, уәде еткен 10 мың теңгені алып келуге кетеді. Осылайша, ол бірден ШҚО Ішкі істер департаментіне барып, болған оқиғаны баяндайды.

Ал ІІД қызметкерлері жүргізушіге жалған ақша мен диктофон ұстатып, жол полицейін қақпанға түсіруге көмектеседі. Жол сақшысы параны дәретхана ішіне тастап кетуді бұйырған соң, жүргізуші жалған ақшаны сол жерде қалдырған.

Нәтижесінде, өзінің оңай олжасын иеленбек болған жол полицейі дәретхана ішінде қолға түсті. Сот тәртіп сақшысын пара алғаны үшін айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

Енді парақор полицей айыбын түзету колониясында өтейтін болады.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз