
Таяуда Ернар Айдардың «Шайхана» атты жаңа әні жарық көрген еді. Жаңа ән жұртшылықтың көңілінен шығып үлгергені рас.
Алайда әннің авторы Ернар Айдар рұқсатсыз орындағаны үшін ренжулі екенін айтты деп жазады Алаш айнасы.
Көпшілікке Dj Miran есімімен таныс әнші әрі композитор сол әннің заңды түрдегі авторы екен. 2014 жылы Dj Miran «Қыздар-ай» деген атаумен шығарған бұл әнді 1 жылдан кейін автордың келісімінсіз «Шайхана» деп өзгертіп, Ернар Айдардың интернет желісіне таратуы ән авторының шамына тиген.
Журналистерге ән авторы жақын арада Ернар Айдарды авторлық құқықты бұзғаны үшін сотқа беретінін айтты. Сонымен, Ернар Айдар бір ән үшін басы үлкен дауға қалуы мүмкін.
Егер сот алдында автор өз құқығын дәлелдей алса, Ернар Айдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып айыппұл төлемек.
По сообщению сайта Nur.kz