Қорғаныс министрі Астанадағы жарылыс туралы түсініктеме берді

2
48

Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов 10 ақпанда ведомство ғимаратының жанында болған көлік жарылысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Қорғаныс министрі Астанадағы жарылыс туралы түсініктеме берді

“Қазіргі таңда жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына белгілі ақпараттан басқа ештеңе айта алмаймын. Күте тұрыңыздар. Өлім алдындағы хаты бар. Онда бірқатар азаматтың тегі көрсетілген. Күтіңіздер”, – деді қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетсек, 2015 жылғы 10 ақпанда Астанада Достық көшесінің бойында “Шевроле” маркалы автокөлігінде жарылыс орын алды.

Автокөлікте Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1975 жылы туған подполковник Сыздықов Арман Қайдарұлы болған.

Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Ол жерден Сыздықовтың жазып қалдырған хаты табылды. Қандай да бір терактың болуы жоққа шығарылады.

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз