Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров Калифорнияда дайындықты бастап кетті

2
119

Қазақтың кәсіпқой бокстағы көпшілікке танымал қырандары, яғни Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров қайтадан АҚШ-қа ұшып келіп, Флорида штатында жаттығу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды “Алаш айнасы”.

Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров Калифорнияда дайындықты бастап кетті
Биыл 30 жастағы Қанат Ислам мен 24 жастағы Жанқош Тұраров кәсіпқой бокс рингінде төрт жекпе-жектен өткізуді жоспарлап отыр. Екеуінің чемпиондық атақ пен белбеу үшін өткізетін жекпе-жектерін мыңдаған жанкүйерлер мен фанаттар тағатсыздана күтуде.

Естеріңізге сала кетейік, екі боксшымыз да – Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің құрлықтық чемпиондық белбеулерінің иегерлері.

Екі боксшымыздың да жанкүйерлері мен фанаттарының игі тілектерін олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан оқуға болады. Бәрі де қос боксшымызды қолдап, жүрекжарды тілектерін жаудыртуда.

Қанат Исламның лақап аты – “Қазақ”. Алайда іс жүзінде халық оны “Қазақ батыры” деп атайды. Ал Жанқош Тұраровтың фанаттары оған “Шыңғыс Хан” деп айдар тақса, базбіреулері “Мұстафа” деп атап жүр.

Сонымен Қанат пен Жанқош Флорида штатында жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Источник: Алаш Айнасы

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз