Пуэрто-Рико елінің тәжірибелі рефериі Луис Пабон орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдарының иегері Геннадий Головкин мен британдық Мартин Мюррей кездесуіне төрелік етеді.
Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының ресми сайты хабарлады. Бұл кездесу 21 ақпанда Монакодағы «Salle des Etoiles» кешенінде өтеді.
Тікелей эфирден HBO арнасы көрсетеді. Ал Қазақстандық жанкүйерлер бұл жекпе-жекті 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні тамашалайды.
Айта кетесек, Луис Пабон 2013 жылы украиналық Владимир Кличко мен Александр Поветкин кездесуіне төрелік еткен еді.
Жалпы, Кличконың үш жекпе-жегіне рефери болған. Ал былтыр Геннадий Головкин мен Осуман Адам екеуі Монакода жолыққан кезде де бас төреші дәл осы Луис Пабон болды.
По сообщению сайта Nur.kz