
Орал әуежайы бірнеше сағат бойы Эйр Астана ұшағын қабылдамай қойды.Әуежай басшылығы, халықаралық әуе компаниясының салмағы 46 тоннадан асатын жолаушылар ұшағын қабылдаудан бас тартатындары жөніндегі жедел хаттама жіберген.
Астана уақытымен 15 сағат 40 минутта Алматыдан Оралға ұшып шығуы керек болған әуе кемесінің 96 жолаушысына Алматы әуежайында күтуге тура келген.
Алғашқы хаттаманы ұшақ көкке көтерілуге небәрі бір сағат 40 минут қалғанда жіберіпті. Ұзаққа созылған келіссөздер нәтижесінде, Орал әуежайының басшылығы тек бүгінгі рейсті қабылдауға рұқсат берген.
Сондай-ақ, бұл уақытта КС 881 рейс Оралға ұшып кеткені белгілі болды. Ал әзірге Эйр Астана әуе компаниясының Орал қаласына өзге рейстерінің қалай ұшатыны белгісіз.
Ал салмаққа шектеу қойған әуежай тарабы себебін түсіндірмеген. Ал жақында ғана қайта жөндеуден өткен Орал әуежайының ұшу сызығы тағы тесіліп қалған еді.
Осыған байланысты инвестициялар және даму жөніндегі министрлік тергеу бойынша арнайы комиссия құрған болатын.
По сообщению сайта Nur.kz