Ресеймен шекаралас аумақтардағы кәсіпорындардың мүддесі қорғалады

2
29
Ресеймен шекаралас аумақтардағы кәсіпорындардың мүддесі қорғалады
Ресеймен шекаралас аймақтарда кәсіпорындар өнімін экспортқа шығара алмай отыр. Осы мәселені ретке келтіру үшін, жұмыс жүріп жатыр.

Ерболат Досаев

Бұл жөнінде ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді деп хабарлайды Астана арнасы.

Айтуынша, Ресей тарапы бұдан хабардар. Ведомство басшысы, олқылықтың орнын толтыру үшін Еуразиялық экономикалық одақ аясында, сондай-ақ, Бүкіләлемдік сауда ұйымы шеңберінде тиісті шара қолданамыз, дейді. Бастысы — отандық тауар өндірушілерді қолдау.

«Алдағы 2-3 апта ішінде бұл сұрақтар шешімін табады», — деп қосты ол.

Сондай-ақ, министр мәжіліске ала келген Еуразиялық экономикалық комиссия арасында құпия ақпараттар алмасу тәртібі жөніндегі келісім ратификацияланды. Құжатқа сәйкес, құпия ақпаратты жария еткендер жауапқа тартылмақ. Мәжіліс мақұлдаған құжат сенатқа жолданады.

«Ресей тарапына біздегі бар қиыншылықтарды айттық. Келіссөздер өткен аптада басталған. Әріптесім Әсет Исекешев айтқандай, қараша айынан бастап, елімізге 50 мыңдай көлік сырттан кіргізілген. Отандық тауар өндірушілердің құқығын қорғау мақсатында тиісті шараларды қолданып жатырмыз», — деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз