
Әлеуметтік желілерде 10 тәулік бұрын жоғалған 16 жастағы Айтолқын Ержан іздестіріліп жатқаны жайлы ақпарат таратылды.
Айтолқын Ержан
«Достар, 12.05.1998 жылы туған Айтолқын Ержан 2 ақпанда Алматы қаласындағы үйінен шығып, қайта оралмады. Ол «Сымбат» колледжіне кеткен, оқудан кейін оны сағат 15.30-да Қонаев және Жібек жолы көшелері қиылысындағы аялдамада құрбылары көрген. Құрбыларының сөзіне қарағанда, Айтолқын «Саяхатқа» қарай бет алған, — делінген хабарламада.
Іздестіріліп жатқан қыздың бойы 165-168 см, сымбатты, көзі қоңыр, шашы иыққа дейін, қоңырлау. Күлгін куртка мен қызыл жолағы бар жасыл шапка (киімі фотодағыдай), қара рюкзак, көк джинсы және қара угги киген.
Алдын ала болжам бойынша, қыз Барахолка аумағында жұмыс істейтін 1996 жылы туған Мұрат Наурызбековпен кездесуге кеткен. Онымен «Другвокруг» әлеуметтік желісі арқылы танысқан көрінеді.
По сообщению сайта Nur.kz