Алматының жаһандық қалалар рейтингісінде статусы жоғарлады

0
423
Алматының жаһандық қалалар рейтингісінде статусы жоғарлады
Алматы қаласының жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалды. Қала таяу уақыттан бері аймақтық экономиканы байланыстыратын аймақтық орталық тобына кірді.Бүгінде қаланың үлкен жетістіктерге жеткендігі анық деп мәлімдеді Алматы арнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасында «Oil Gas project» ЖШС директоры Жарас Ахметов.

«Алматылықтардың басым бөлігі Алматы туралы мақтан тұтатын кейбір фактілерді білмей жатады. Осыдан бірнеше жыл бұрын мен дүниежүзілік қалалар рейтингін қарағанмын. Сол кезде біз ол рейтингке ілінбегенбіз. Ал былтыр біз осы аймақтық экономиканы байланыстыратын аймақтық орталық тобына ендік. Бұл үлкен жетістік. Аталмыш рейтингте Санкт-Петербург бізден кейін тұр. Ал Ташкент болса бұл тізімге әлі кірмеген», — деді Ахметов.

Оның айтуы бойынша, қаланың жаһандылығы төрт көрсеткіш бойынша бағаланады: саяси және қаржы ықпалының индексі, үшіншісі – туризмнің дамуы және соңғысы — ақыл-кеңес беру қызмет деңгейі.

Алматы аталған төрт фактор бойынша оң көрсеткішке ие.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз