ОҚО-да тұрғындар көліктеріне VIP-номер алу үшін 13,2 млн теңге жұмсаған

0
378
ОҚО-да тұрғындар көліктеріне VIP-номер алу үшін 13,2 млн теңге жұмсаған
Оңтүстік Қазақстан облысында заңды және жеке тұлғалар жыл басынан бері жоғарғы сұраныстағы 37 тіркеу белгісін сатып алды деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.Заңды және жеке тұлғалар негізінен келесі белгілерге қызығушылық танытқан: 001, 002, 007, 003, 005, 009, 100, 111, 999, 200, 777, 888, 333 және 800.

Аталмыш жоғарғы сұраныстағы тіркеу белгілерінен мемлекеттің қазынасына түскен жалпы сомма 13 млн 264 мың 024 теңгені құрайды. Былтырғы жылдың 2 айында ОҚО ІІД ӘПБ ТЭБ-мен жоғары сұраныстағы 54 белгі беріліп мемлекеттік қазынаға түскен қаржы 18 млн.249 мың 608 теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу белгісін аламын деушілер ОҚО ІІД ӘПБ ТЭБ-на және халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс.

100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 сынды жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу белгілерінің бағасы 253 мың 724 теңгені құраса, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сынды мемлекеттік тіркеу белгілері 422 мың 256 теңгені құрайтын болады.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз