Астанада өзін жарып жіберген әскериге қатысты тың дерек шықты

3
38
Астанада өзін жарып жіберген әскериге қатысты тың дерек шықты
Астанада өзін жарып жіберген подполковниктің өліміне қатысты алғашқы айғақтар анықталды. Арман Сыздықов басшыларының қысымына шыдай алмай өзіне қол жұмсаған.Марқұмның ақырғы хатында аты аталған екі әскеридің қызметтегі адамдар екенін Қорғаныс министрінің өзі растады. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда. Полицейлер марқұммен бірге жұмыс істеген әріптестерінен түгел жауап алып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.Астанада Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкері тура жұмыс орнының алдында өзін жарып жіберген болатын. Арман Сыздықов сол жерде жан тәсілім етті.

Офицер ақырғы хатында екі басшысынан қатты қысым көргенін, әбден намысына тигенін жазған. Өзін-өзі жарып жіберген 40 жастағы подполковник Қорғаныс министрлігінің Ақпараттандыру және телекоммуникация басқармасында істеген екен. Марқұмның артында әйелі жалғыз ұлы қалды.

31 арнаның хабарлауынша, Арман Сыздықовты өлімге итермелеуі мүмкін деген 2 шенді жауапқа тартыла ма, ол жағы әзірге белгісіз.

Ал «Халық қаһарманы», генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев қандай себеп болса да әскери адам қиыншылыққа мойымау керек дейді.

«Әскери адам — Отан алдында ант алған ер адам. Отан алдында парызын орындауы керек адам. Сондықтан әскери адам Отан үшін жанын беру керек. Мұндай істе өзін сақтауы керек», — дейді қазіргі мәжіліс депутаты 31 арна тілшісіне.

По сообщению сайта Nur.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. әттеген-ай,ер адамға жұмыс көп емес па,бала шағасына қиын болған екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз