Елде девальвация болмайды

0
453

Қ.Келімбетов

 qairat
Астана. 12 ақпан. Baq.kz – Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен кездескен Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Қазақстанда жақын уақытта девальвацияның болмайтынын мәлімдеді.

– Желтоқсан айындағы ақпарат бойынша, депозиттердің 40%-ы теңгеде, 60%-ы долларда. Банктердің несиені теңгеде емес долларда беруі түсінікті жағдай. Өйткені олар да девальвация болады деп сақтанған болатын. Бірақ қазіргі уақытта ешқандай да девальвация болмайды. Сол үшін барлығына өткен жылдардағыдай жұмыстарына кірісулері керек, – деді төраға.

Сонымен қатар, халыққа теңгені долларға айырбастаудың қажеті жоқ екендігін айтқан Қ.Келімбетов:
– Ойлап қарасаңыздар, теңгелік депозит арқылы сіздер 10 пайызға дейін, доллармен 3 пайыз ғана түсім аласыз. Сондықтан жеке тұлғалар үшін де, заңды тұлғалар үшін де, мемлекет үшін де ешқандай қауіп төніп тұрмағандықтан жақын арада бəрі тұрақталады деп ойлаймын, – деп өз ойымен бөлісті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз