Қолайсыз ауа райы қиындық туғызды

0
549
Қолайсыз ауа райы қиындық туғызды
Қыстың соңғы айы болғанымен, ауа-райының күрт жылынуы бүгін семейліктерді біраз әбігерге салды. Ауа-райы күрт жылынып, сынап бағанасы өңірдің кей жерлерінде 3 градусқа дейін жоғарлап кеткен. Салдарынан мектеп оқушыларымен колледждердің 1-2 курс студенттеріне таңертең сабақтар тоқтатылды. Қар аралас жауған жауын жолдарды көктайғақ пен қар ерітінділеріне айналдырып қозғалысты қиындатты. Бұл өз кезегінде қоғамдық көлік пен коммуналдық қызмет жұмысына да салмақ түсірген.ТЖ қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа-райының әсерінен бірқатар бағыттардағы автокөлік жолдарына уақытша шектеу қойылды. Атап айтсақ, «Семей — Өскемен», «Семей — Абай», «Семей — Курчтов», «Семей — Шемонайха» және Ресеймен шекаралас бірқатар аумақтардағы жолдар жабылған.

Ауа-райының жылып, жауған дымқыл қар қала ішінде де халықты әуре-сарсаңға салды. Көктайғақ пен шалшық қоғамдық көлікті қойып жаяу жүргінші қозғалысын қиындатты. Күннің тек алғашқы жартысында Семейде 5 жол көлік оқиғасы орын алса, 8 адам әртүрлі және сынық жарақаттарымен ауруханаға түскен.

Ал қалалық ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, жайсыз жағдайдың алдын алу үшін барлық коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс күніне көшкен. Бүгінгі күні сала мамандарымен дренаж люктері мен құдықтар тазартылуда. Бұған қоса, қоғамдық көліктер аялдамаларына арнайы материалдар қолданылып, су басқан аудандарға техникалар жіберілген. Бүгінгі күні қаланың әр аумағына 50-ге жуық арнайы техникамен 100-ден астам адам жұмыла жұмыс істеуде. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалалық ТЖ Басқармасы қала тұрғындарына қала ішімен алыс жолдарға шығуда сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

По сообщению сайта Arna Press

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз