Порошенко Минскідегі келіссөзден әзірге «жақсы жаңалық жоғын» мәлімдеді

1
33
Порошенко Минскідегі келіссөзден әзірге \"жақсы жаңалық жоғын\" мәлімдеді
Украина президенті Петр Порошенко Минскідегі келіссөзден әзірге «жақсы жаңалық жоғын» мәлімдеді.Кездесуге Украина президенті Петр Порошенко, Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд қатысып жатыр.

Кездесу арасындағы үзілісте Порошенко журналистерге келіссөздегі Ресей ұстанымы «көңілге қонбайтынын» айтқанымен, егжей-тегжейлі ашып айтпады. Бірақ ол «келіссөз жүріп жатқанын» жен онда Меркель мен Олланд көмектесіп жатқанын» айтты.

Reuters агенттігінің дипломатиялық дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, төрт ел президенті Украина дағдарысын шешу туралы келісімге қол қояды.

Бірақ дереккөз келісім жайлы егжей-тегжейлі ақпарат бермеген. Минск келіссөзі 11 ақпан күні түнге қарай басталып, 14 сағатқа созылды. Кездесу барысы жайлы дипломаттар бұған дейін «келіссөз ауыр жүріп» жатқанын айтқан.

По сообщению сайта Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз