Серік Ахметовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

0
386
Серік Ахметовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды
Бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.«Серік Ахметов пен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, қазір іс материалдарымен танысу жүріп жатыр. 2015 жылғы 18 ақпанда Ахметовке қатысты үй қамағы мерзімі аяқталады. Сотқа бұлтартпау шараларын ұзарту туралы өтініш хат келіп түскен, ол 13 ақпанда қаралатын болады», — деді Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева.

Ол бұл күні тағы екі күдікті — Әлжан Ақмолдаев пен Анатолий Эссенің тұтқындау мерзімін ұзарту туралы өтініш хат қаралатынын айтты.

Еске салсақ, бұдан бұрын ірі көлемде ақшалай қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген  Серік Ахметовке қатысты сот үш айға — 2015 жылғы 18 ақпанға дейін үй қамағында ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын ұзартуды санкциялаған.

Бұдан бұрын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап Қарағанды облысы мен Қарағандының, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ, «Металлургия-Металл өңдеу» индустриалдық паркінің ЕЭА, «ҚазАгроФинанс» АҚ басшылары: Б. Әбдішев, М Смағұлов, А. Эссе, Г. Рахымжановқа және басқа тұлғаларға қатысты бірқатар ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісі тергеліп жатқандығы хабарланған.

Тергеу істері аясында Серік Ахметов ұсталып, кейіннен оған айып тағылды. Серік Ахметов 2009 жылғы қарашадан 2012 жылғы қаңтарға дейін Қарағанды облысының әкімі болған.

Кейіннен премьер-министрдің орынбасары, премьер-министр лауазымдарында жұмыс атқарды. 2014 жылғы 3 сәуірден 22 қазанға дейін  Қорғаныс министрі болған.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз