
Ресей «Восточный» ғарыш кешенін салып жатқандығына қарамастан, Қазақстаннан жалға алып отырған «Байқоңыр» кешенін әрі қарай пайдалана береді.Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников мәлімдеді.
«Восточный» ғарыш айлағы Приуралье қаласы Углегорск аулының маңында салынып жатыр. Бұл ғарыш айлағынан зымыран тасығыштың алғашқы ұшырылымы 2015 жылға жоспарланған.
«Ғарыш саласындағы біздің қатынастарымыз үдемелі даму үстінде, «Восточный» ғарыш айлағының салынуына қарамастан Ресей «Байқоңыр» кешенін кеңінен пайдалануды жалғастыруды жоспарлауда», — деп атап өтті елші.
По сообщению сайта Nur.kz