
ҚР ІІМ-нің Автомобиль иелеріне арналған Арнайы ХҚКО-ларға қосымша құжаттарды ұсыну бойынша негізсіз түрде талаптарды енгізуі салдарынан Астанада 1 мыңнан астам азамат өз көліктерін тіркей алмаған.Бұл жайында бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Дулат Әзбергенов мәлім етті.«Жемқорлыққа қарсы қызметтің БАҚ беттерін мониторингілеу мен жоспардан тыс тексеруі кезінде Кедендік одақ елдерінен әкелінген көліктерді есептен шығару мен автокөлік үшін сәйкестік сертификатының болуы туралы қосымша құжаттарды ұсыну бойынша ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшылығымен негізсіз талаптар енгізілгені анықталды. Осының нәтижесінде тек Астанада 1 мыңнан астам адам өз көліктерін тіркей алмаған», — деді департамент басшысы елорда әкімдігінде өткен мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің сапасы мәселесіне арналған семинар-кеңесте.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде аталған талаптан ішкі органдары бас тартқан және көлікті тіркеу шаралары жалпы стандарттар бойынша жүргізілуде.
По сообщению сайта Nur.kz