
Жаңа жол ауылдық округінде 20 жастағы жігіт өзінің 5 жасар інісін тұншықтырып өлтірген.Бұл туралы облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Файзулла Тұрымов мәлімдеді, деп хабарлайды Отырар арнасы.
Қайғылы жағдай Мақтаарал ауданында тіркелген. Қазіргі кезде осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, оған сот-психологиялық сараптама тағайындалған. Сот сараптамадан өту үшін күдікті Алматыға жеткізілді.
«Сараптама нәтижесіне сәйкес процессуалды шешім қабылданады. Ал оған дейін дәл қазір қолын қанға былғаған жігіттің ақыл-есі туралы ештеңе айта алмаймыз», — дейді прокурор.
По сообщению сайта Nur.kz