Алматы мен Астанада бұдан былай оралмандарды қабылдамайды

0
344

1.2Атажұртты аңсап келіп жатқан этникалық қазақтар енді Астана мен Алматыда тұра алмайтын болды. Екі ірі мегополисте оралмандар мәртебесін беру уақытша тоқтатылды.

Өзге аймақтарда оралман мәртебесін алу оңайырақ болса да, екі бас қалада тұрақтап қалғысы келетіндердің саны көп.

Астана мен Алматыда тұрақтап қалғысы келетіндер үшін жаңа талаптар қойылды: олар кем дегенде 4 жыл бір мекен жайда тұруы тиіс және есеп-шоттарында 2,6 млнтеңге ақшалары болулары шарт, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

«Алматы қалалық ІІД көші-қон полициясының мәліметінше, 2013 жылы қалада 8 мыңнан астам этникалық қазақтар тіркелген. Ал 2014 жылы бұл көрсеткіш екі еселеп өсе түсті. Былтыр 15 мыңнан астам этникалық қазақтар келіп, уақытша тіркеуге тұрған. 2015 жылдың бір айында, қаңтар айында олардың саны 838-ге жетті», — дейді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз