Шымкентте күтушісінен таяқ жеген қыз бала қайтыс болды

2
39
Шымкентте күтушісінен таяқ жеген қыз бала қайтыс болды
Шымкентте соққыға жығылған қаршадай қыз бала қайтыс болды деп хабарлайды 7 арна.Денесінің сау бөлігі қалмаған 4 жасар бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде ес-түсін жия алмай, жан тәсілім етті. Бұл туралы Абай аудандық прокуратурасының өкілдері хабарлаған.Ал дәрігерлер оның миына қан құйылып кеткен деп отыр. Еске сала кетейік, 9 ақпанда прокурорлар бала күтуші екі бүлдіршінді өлімші етіп сабағанын айтқан болатын.

Анасынан аманат етіп алған сәбилерге бала күтуші 33 жастағы келіншек қорлық көрсеткен деген болжам бар. Әлімжеттік әрекеттен қорғансыз қос бүлдіршін жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

Айта кету керек, бұл жыл басынан бері сәбилердің ересектерден қорлық көріп, соққыға жығылған оңтүстіктегі осымен екінші оқиға болып отыр.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Сұмдық-ай, бұдан кейін баларымызды күтушіге қалай сеніп тапсырамыз.

  2. Адамдар неге сонша қатігез болып барады,ананың мұндай іске барғаны қорқынышты

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз