
Теміртау қаласының тұрғыны электр энергиясын ажыратуға келген коммуналдық қызметкерлерге:«Үйімнің электр қуатын қиятын болсаңдар — өкінесіңдер» деп қоқан-лоқы көрсеткен.Ашынған тұрғын оларға қару ала жүгіріпті. Жарықты қиямыз деп бастары бәлеге қалған мамандар болса қашып құтылыпған.
Теміртау қаласын электр энергиясымен қамтамасыз ететін мекеменің мамандары Наталья Сулейменовамен Арман Қадырбаев борышкер тұтынушыларды электр желілерінен ажыратуға күнде шығады.
Олар жалпы коммуналдық қызметі үшін 80 мың теңге берешегі бар тұрғынның үйіне келді. Қуат көзін қиюға бекінген коммуналдық қызметкерлерді көріп ашынған тұтынушы тексерушілерге тапаншадан оқ атады.
«Бір рет оқ атты. Енді кетпесеңдер екінші оқты бастарыңа атамын деді. Біз жағдайды бұдан әрі ушықтырмайық деп төменге түсіп кеттік», — дейді Теміртау қаласы «Оқжетпес«коммуналдық кәсіпорнының маманы Наталья Сүлейменова.
Жанжалға тап болған коммуналдық қызметкерлер үйден шыққан бойда тәртіп сақшыларын шақырған. Осы оқиғаны тұтынушының өзі камераға түсіріп алыпты. Енді бұл түсірілім өзінің теріс қылығын растайтын айғақ болмақ.
Бір рет оқ атты. Енді кетпесеңдер екінші оқты бастарыңа атамын деді. Біз жағдайды бұдан әрі ушықтырмайық деп төменге түсіп кеттік
«Бұл азаматтың коммуналдық қызметкерлерді қорқытуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл азаматтан өзіне рәсімделген тапаншасы мен түсірген бейнетүсірілімі тәркіленді», — деді Теміртау қаласы Ескі қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары Мұрат Сақбаев.
Теміртау қаласындағы борышкерлерді электр тоғынан ажыратуға келетін коммуналдық қызметкерлер мұндай жағдайға алғаш рет тап болып отырған жоқ. Былтыр қарызы бар тәртіп сақшысы коммуналдық сала мамандарымен жанжалдасқан еді.
«Бұл да өзгелердікіндей жұмыс. Біз күн сайын тұтынушыларға барып, өз жұмыстарымызды атқаруға тиіспіз. Қарызы барларды электр қуатынан ажырату біздің міндетімізге жатады. Өшірген кезде бізге қарсылық көрсетудің қажеті жоқ деп ойлаймын», — деді Теміртау қаласы «Оқжетпес«ЖШС тұтыну қызметінің басшысы Екатерина Болюх.
Қару алып шығып жанжал шығарған тұтынушыға 200 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе ол 60 күнге қамалуы мүмкін.
По сообщению сайта Nur.kz