Қазақстандағы талантты әкімдер кімдер?

0
467
Қазақстандағы талантты әкімдер кімдер?
Қазақстандағы әкімдер мемлекеттік қызметтен бөлек, ән айтып, би билеуге де уақыт табады. Sayasat.org сайты еліміздегі сегіз қырлы, бір сырлы әкімдердің тізімін жасады. «Талантты адам барлық жағынан талантты» деген сөзді біздің әкімдерге қарата айтса болады. Қызметіне кіріскеніне көп уақыт өте қоймаған Қарағанды қаласының әкімі Нұрмұхамед Әбдібековтің қолынан ән айту да, би билеу де келеді.Жақында Қазақстан халықтары ассамблеясына арналған салтанатты шарада ол грек биін билеп, таң қалдырған еді. Одан бұрын Әбдібеков әншілік қабілеті барын да көрсетті. Жергілікті телеарнадағы «Бумеранг» ток-шоуында қала әкімі «Машина времени» тобының әнін орындап берген.

Би билеуден қалыспайтын әкімдердің бірі – Нұрлан Ноғаев. Батыс Қазақстан облысын басқаратын шенеунік бірде байкер, енді бірде өрт сөндіруші болып халықтың көңілінен шығуға тырысқан. Кейін ғаламторда Ноғаевтың тойды жандырып жүрген видеосы пайда болды.

Қостанай облысының әкімі Нұрәлі Сәдуақасов та әншіліктен кетәрі емес. Ол «Костанайский аккорд» бард әндерінің фестивалінде ең құрметті орындаушы атанды.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов өзінің музыкаға ынтасының ерекше екенімен де танымал.

«Алматы — іңкәрім менің» ретро-фестивалінде жыл сайын рояльда ойнап беретін ол Әлібек Дінішевті де сүйемелдеген болатын.

По сообщению сайта Nur.kz

Поделиться

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз