Алматы облысында 13-15 ақпанда қар көшкінінің түсуіне байланысты дабылдық ескерту жарияланды.
Бұл туралы Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитеті сайты хабарлайды деп жазады «Новости Казахстан» ақпарат агенттігі.
«Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашынның көп түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 13-15 ақпанда қар көшкіні түседі деп күтілуде», -делінген хабарламада.
По сообщению сайта Nur.kz