Маңғыстау облысында мүгедек қызды зорлаған күдікті ұсталды

2
28
Маңғыстау облысында мүгедек қызды зорлаған күдікті ұсталды
Маңғыстау облысында 36 жастағы ер адам 24 жастағы мүгедек қызды зорлады деп айыпталуда.
Бұл туралы құқық қорғау орынындағы сенімді дереккөз хабарлайды. Оқиға Қарақия ауданындағы ауылдардың бірінде болған.43 жастағы жергілікті тұрғын отбасының танысы болып келетін Т.К. есімді азаматтың дәрменсіз күйдегі қызын зорлағаны туралы арыз түсірген.

Сол күні қыз бала үйдің жанына серуендеуге шығып, ауылдың шетіне аяңдаған. Сол кезде күдікті қызды иесі тастап кеткен үйге күштеп кіргізіп, арам ойын іске асырыпты.

Арыз берген әйел қызының екінші топтағы мүгедек екенін айтқан. Аталған оқиға бойынша күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

По сообщению сайта Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз