Оқушыладың тегін тоқашын тартып алама?.

0
64

Тегін тамақтанатын оқушылар саны қысқармайды деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.Білім министрлігі оқушылардың тегін тоқашын тартып алмайды

«Бұл жерде қандай да бір өзгерістер болмайды, яғни тегін тамақтанатын әлеуметтік топқа жататын балалар тегін тамақтануды жалғастыра береді. Жергілікті қаражат мүмкіндігінше тегін тамақ ұсыныла береді. Қазіргі таңда біз қысқарту жағын қарастырып жатқан жоқпыз», – деді Сәрінжіпов бейсенбідегі брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі таңда оқушылардың 30% -ы тегін тамақтанады.

«Қазіргі таңда жергілікті бюджет есебінен балалардың 30%-ы тегін тамақтанады. Ол барлық әлеуметтік топты қамтиды, кейбір өңірлерде бастауыш сынып оқушылары да тегін тамақтанады», – деді БҒМ басшысы.

Еске салсақ, жақында үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ата-аналар балаларының айраны мен тоқашын өздері сатып алулары керек деп мәлімдеген болатын.

«Сондай-ақ мектептегі балалар тамақтануы бойынша. Ата-аналар өз балаларының тамақтануын қамти алмай ма? Біз бәріміз де оқыдық, қалтамызға ақша салатын, қоңырау кезінде айран мен тоқаш (сатып алатынбыз – ҚазТАГ) және солай өмір сүрдік. Мемлекет білім саласының, мұғалімдердің, оқулықтардың, мектептің барлық шығынын өзі көтереді, Ал енді мына іске (оқушыларды тамақпен қамту – ҚазТАГ) ата-аналар өздері шығындануы керек. Сондықтан бұған саналы түрде келейік», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Источник: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз