
Алматы облысының екі кенті – Мұқары мен Қаражидеде – нөсерлетіп жауған жауынға байланысты үйлер су астында қалды. Бқл туралы ҚазТАГ тілшісі хабарлайды.«Алматы облысында тасқын су қауіпі төнді. Оған тәулік бойына жауған нөсер себеп болды», — деп хабарлады жұма күні Алматы облыстық ТЖД.
13 ақпанға қараған түні Талдықорғанның қала маңындағы Мұқыры кентінде дала мен тау бөктерлерінде еріген қардан аққан су республикалық Алматы-Өскемен тас жолының бір бөлігін басып қалды. Көлік қозғалысы тежеуілдеп, топан су жол бойындағы үй аулаларына кіріп кетті.
Су тасқынының салдарын жоюға техникалар жұмылдырылды. Су тасқынын кенттен басқа жаққа бұрып жіберу үшін түнімен жұмыс жүргізілді. Бұл ретте Қаратал ауданының Қаражиде кентінде 16 үйді су басып, 2 үй су астында қалды.
ТЖ туралы хабар өңірлік ТЖД-ге 12 ақпанда 22.00 сағатта келіп түсті. Тасқын су салдарын жоюға бірнеше техника жұмылдырылып, жаңа арна қазылып, оның жағалауы құм толтырылған қапшықтармен бекітіліп, түні бойына жұмыс жүргізілді.
Топан судың молынан ағуына екі күн бойына жауған нөсер мен ауа температурасының оң болуы себеп болды. Су басқан үйлердің тұрғындары эвакуацияланып, туыстарына орналастырылды. Қаражиде кентінде барлығы 184 аула орналасқан. Онда 1118 адам мекен етеді.
По сообщению сайта Nur.kz