
Алматы полицейлері суицид фактісі тіркелгенін растады деп хабарлайды Алматы арнасы.Жедел тергеу тобының жасаған алғашқы нұсқасына сәйкес, Фурманов көшесіндегі үйлердің бірінің 26 жастағы тұрғыны үшінші қабатта орналасқан өз пәтерінің терезесінен құлап, өмірімен қоштасқан.Оқиға түнгі уақытта тіркелген. Көршілерінің айтуларынша, жігіт алдымен терезеден тұрмыстық заттарды лақтырған. Кейін дүние-мүліктің соңынан өзі де төменге секірген.
Қаза болған ер жігітті жергілікті тұрғындар тек жақсы жағынан таныған. Ешқандай теріс қылығы жоқ, үлгілі отағасы және ақ көңіл адам болды деп сипаттап берді. Оның бұл әрекетіне не түрткі болғанын енді полиция қызметкерлері анықтайды.
По сообщению сайта Nur.kz