Канадада әуле Валентин күні тұрғындарды жаппай өлтіру ұйымдастырылған

2
60

Канада полициясы Валентин әулиенің күні, яғни ақпанның 14-інде Жаңа Шотландия провинциясының шығысындағы Галифакс қаласында жаппай кісі өлтіру қылмысының алдын алғаны туралы хабарлады.

Канадада әуле Валентин күні тұрғындарды жаппай өлтіру ұйымдастырылған

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, шабуыл ұйымдастырмақ болған деген күдікпен үш жас азамат ұсталған, тағы біреуі өлі күйінде табылған.

Ұсталғандардың біреуі әйел адам екені айтылады. Жаңа Шотландия полициясының қызметкері Брайан Бреннанның сөзінше, күдіктілер қала тұрғындарына оқ жаудырып, соңынан өздеріне өздері қол жұмсап өлмек болған.

Полиция өкілі күдікті топ мүшелерінің бейбіт тұрғындарға шабуылды қандай мақсатпен ұйымдастырмақ болғаны әзірше белгісіз қалып отырғанын айтады.

Бұл іс бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Источник: Азаттық

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз