Бұрындары Алматы тұрғындары көп қабатты үйде тұрып ит асырағанда көпшілік таң қалатын. Ал қазір қалалықтар итті қойып экзотикалық, тіпті аса қауіпті циркшілер үйрете алмаған қасқырды қолда ұстайды.
Қауіпті әрі улы өрмекшілердің сан түрін бағып отырғандарды да кездестірдік.
Мына азамат бұл қасқырды бөлтірік кезінде іннен өзі алған. Қасқыр асыраудағы мақсатын, көрген қиындығын бүгін, яғни сенбі күні, кешкі 22:40-та «Еуразия Бірінші» арнасының эфирінен көре аласыздар.
Надежда Ступникова жарымен ақылдаса отырып, үйіне экзотикалық бауырмен жорғалаушыларды жинаған. Бүгінде оның қамқорлығындағы жануарлар саны елуден асқан. Надежда экзотикалық жануарларды асыраудағы мақсатымен «Кешкі кездесу» ток-шоуында бөліскен еді.
Айым соңғы жеті жылда аса улы мынадай жыландардың талайын бағып өсірген. Тіпті басында ең улы жыланды білмей асырапты. Улы жалан асыраушысын тістеп те алған. Биші қыздың жылан баққанда көрген қиындығы мен қызығын әрі улы жыланның салған жарақатынан жазулғаны жайлы өз аузынан бүгін кешке тамашалай аласыздар.
Наталья Лезова есімді Алматылық үйінде улы өрмекшінің, улы әрі қауіпті жыланның сан түрін асырап отыр. Айына ол жәндіктердің тамағына бір талай қаржы жұмсайды екен.
Надежда қамқорлығындағы аса улы жәндіктерді әбден зерттеген. Шаққан жағдайда айығудың жолдарын бүгін кешке баяндап беретін болады.