«Норманд төрттігінің» көшбасшылары Астанада кездесуі мүмкін

0
325

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель Ресей, Украина, Франция президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскіде «норманд форматында» өткен келіссөздерінің қорытындысы туралы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Минск кездесуінің табысты аяқталуына Федералдық канцлердің қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Ал Меркель Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт реттеу үдерісін ілгерілетудегі Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерінің маңыздылығына тоқталды және «норманд төрттігінің» кездесуін Астанада өткізу мүмкіндігін атай отырып, осы маңызды жұмысты жалғастыруды өтінді.

Мемлекет басшылары барлық тараптың бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін айтты.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан – Германия ынтымақтастығының деңгейі жоғары екенін қанағаттанушылықпен атап өтті. Телефон арқылы сөйлесуге Германия жағы бастамашылық етті.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз